Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай медицина саласында еңбек етіп жүрген әйелдерді құрметтеу және марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгінде Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінде шамамен 280 мыңға жуық медицина қызметкері еңбек етеді. Олардың 70%-дан астамын әйелдер құрайды. Бұл қатарда 56 мың дәрігер мен 167 мың мейіргер бар.
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Медицина қызметкерлері емханалар мен стационарларда, жедел жәрдем қызметінде, санитариялық авиацияда, ғылыми орталықтар мен ауылдық амбулаторияларда жұмыс істеп, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуге үлес қосып келеді.
Салтанатты шараны ашқан денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина жүйесінің дамуына әйелдердің қосып отырған үлесі ерекше екенін атап өтті.
«Бүгінде әйелдеріміз – жүйенің сенімді тірегі, жаңа бастамалардың көшбасшысы, медицина саласындағы кадрлардың жартысынан астамын құрайтын қуатты күш. Салалық реформалардың табысты жүзеге асуы, азаматтардың денсаулығын жақсарту және профилактикалық бағытты күшейту – көп жағдайда сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі. Сіздердің біліктіліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және іске адалдықтарыңыз бүкіл саланың тұрақтылығын қамтамасыз етеді», деп атап өтті министр.
Медицина факультетінің студенттері жаңа Конституция жобасын талқылады
Министр өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина саласын дамытуға және қызметкерлерді қолдауға ерекше көңіл бөліп отырғанын да атап өтті.