• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 17:15

Алматыда бірнеше қоғамдық көлік бағытында төлем тәртібі өзгереді

0 рет
көрсетілді

4 наурыздан бастап Алматының бірқатар қоғамдық көлігінде жол ақысын Avtobys электрондық жүйесі арқылы төлеу қолжетімді болады, деп жазады Egemen.kz.

Қалалық Жол қозғалысы және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, Avtobys электрондық жүйесі №51, 117, 219, 221, 228, 234 және 258 маршруттарында іске қосылады. Желіге аталған төлем құрылғыларымен жабдықталған 82 автобус шығарылады.

Алматыда LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды

«Жолаушылар жолақыны QR-код, Bluetooth, көлік нөмірі, NFC немесе банк картасы арқылы Avtobys мобильді қосымшасы арқылы төлей алады. Төлем бірнеше секунд ішінде жасалып, бірден расталады. Қызметті пайдалану үшін App Store, Google Play немесе AppGallery дүкенінен Avtobys қосымшасын жүктеп, телефон нөмірі бойынша тіркеліп, смарт-әмиян балансын толтыру қажет», делінген басқарма таратқан хабарламада.

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді

Айта кетейік, Avtobys – еліміздің 20-дан астам қаласында жұмыс істейтін цифрлық төлем жүйесі. Алматыда аталған жүйені енгізу қолма-қол ақшасыз төлем мүмкіндіктерін кеңейтіп,тұрғындар мен қонақтар үшін қалалық көлікті заманауи әрі ыңғайлы етеді.

Соңғы жаңалықтар