28 ақпанда «Астана Арена» стадионында футболдан маусымашар дода Қазақстан Суперкубогының финалдық кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» арасындағы матч нағыз тартысқа толы болды. Жеңімпаз тек пенальти сериясында анықталды.
Ойынның 6-минутында-ақ «Тобыл» сапынан Л. Герра есеп ашып, командасын алға шығарды. Алайда, «Қайрат» көп ұзамай 20-минутта Мрынский таразы басын теңестірді (1:1). 26-минута Қайраттың жаңа ойыншысы Оксанен командасын алға шығарды.
Екінші таймның соңына дейін «Қайрат» басымдықты ұстап тұрғанымен, 89-минутта «Тобылдың» капитаны Асхат Тағыберген айып добынан әдемі соққысымен есепті теңестіріп (2:2), ойынды пенальти сериясына ұластырды.
Пенальти сериясы кезінде қостанайлық клубтың футболшылары асқан дәлдік танытты. Пенальти сериясы 4:5 есебімен «Тобылдың» пайдасына аяқталды.
«Тұран» футбол клубы сатылымға шығарылды
Осылайша, «Тобыл» футбол клубы 2026 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері атанды.
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды