Иранда Израиль шабуылынан шамамен 40 оқушы қаза тапты, тағы да ондаған оқушы жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясы, Минаб округінде болған. Бұл туралы Иранның IRNA агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады.
Агенттік мәліметіне сәйкес, шабуыл кезінде Минаб округіндегі бастауыш мектептің қыз балалар бөлімі нысанаға алынған. Бұл – Иран тарапынан хабарланған алғашқы құрбандар. Әуелде 24 оқушының қазасы хабарланғанымен, соңынан құрбандар саны өскені белгілі болды.
Әзірге АҚШ та, Израиль де мектепке жасалған соққыға қатысты нақты мәлімет берген жоқ.
Айта кетейік, Израиль 28 ақпанда таңертең Иранға соққы жасады. Шабуылды елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац растады. Тегеран қаласында кемінде үш жарылыс болды.
Президент Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты еліміздегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды