• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:17

Президент Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты еліміздегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

10 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Иран төңірегіндегі жағдайдың ушығуын және еліміздің тұрақтылығына төнуі мүмкін қауіп белгілерін ескере отырып, шұғыл шаралар қабылдау жоспарын ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл хабарламаны Ақорданың баспасөз қызметі таратты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды», делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті. Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдау тапсырылды.

2026 жылғы 28 ақпанда Иранда жарылыстар болды. Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац соққылар «Израильге төнген қауіптерді жоюға» бағытталғанын мәлімдеді. Дональд Трамп операцияға АҚШ-тың да қатысқанын растады.

Иран жауап ретінде Израильге ондаған зымыран ұшырды

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Ирандағы қазақстандықтардың саны туралы ақпарат берген болатын.

Соңғы жаңалықтар