• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 10:20

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

0 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздегі республикалық маңызы бар тас жолдардағы жағдай туралы жедел ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

28 ақпан күнгі мәлімет бойынша, бірнеше учаскеде көлік қозғалысына қойылған шектеулер алынып тасталса, кейбір өңірде жол жабық.

Сенбі күні таңертең ауа райының жақсаруына байланысты маңызды бағыттарда көліктің барлық түрі үшін жол ашылды:

Шығыс Қазақстан облысы: Қытай шекарасынан Майқапшағайға дейінгі жол (Абай облысы шекарасы – Зайсан қаласы), Өскемен – Риддер (Белоусовка – Риддер), Алматы – Өскемен (Шемонаиха бағыты) және Өскемен – Семей бағытындағы учаскелер ашық.

Қызылорда облысы: «Самара – Шымкент» тас жолының Арал қаласынан «Оазис» демалыс орнына дейінгі және Қызылорда – Бесарық ауылы аралығындағы учаскелерінде тас жол ашылды.

Абай облысы: Семей – Қалбатау, Аягөз – Қалбатау, Семей – РФ шекарасы («Ауыл» бекеті) және Қарағанды – Аягөз (Баршатас – Боғас) бағыттарында шектеу жоқ.

Жабық жолдар

Ауа райының қолайсыздығы мен техникалық себептерге байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабық. 

«Қызылорда – Жезқазған» тас жолының Қызылорда қаласынан Жезқазғанға дейінгі бөлігі (12-424 км) жабық.

Қордай асуының жаңа айналма жолында (Кенен – Қайнар ауылдары арасы) қозғалыс тоқтатылған.

Қарағанды – Аягөз жолының Қарағанды облысы шекарасынан Баршатас ауылына дейінгі бөлігі әлі де жабық.

Қалқаман айрығындағы көпірдің зақымдалуына байланысты Астана – Павлодар бағытындағы Қалқаман кентіне кіреберіс пен шығыс бөлігіндегі жол жабық.

Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында (46-66 км) қысқы кезеңдегі қолайсыздықтарға байланысты тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін қозғалысқа тыйым салынған.

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды