• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты

0 рет
көрсетілді

Қазақстанда жаңа автокөліктердің сатылым көлемі өсті. Салалық одақ нарыққа талдау жүргізіп, оң динамика сақталуы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

2025 жылы жаңа автокөлік сатылымы 2024 жылмен салыстырғанда 15%-ға артқан. Биыл да өсім жалғасады деген болжам бар. Сарапшылардың пікірінше, нарық кемінде тағы 5%-ға ұлғаюы ықтимал. 

Қазақстан автокөлік одағының мәліметінше, 2025 жылдың желтоқсанында ресми дилерлер 28 мыңға жуық жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатқан. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,3%-ға көп. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша сатылым көлемі 234 мыңнан асты. Осылайша, Қазақстанда жаңа автокөлік сегменті қатарынан екінші жыл 200 мың сатылым межесінен асып отыр.

Қазіргі таңда нарықта 75-тен астам автокөлік бренді ұсынылғанымен, барлық сатылымның 80%-дан астамы әлі де алғашқы он ірі компанияның үлесінде. 

Қазақстанның автопаркі жаңартуды қажет етеді

Сарапшылар елдегі автопарктің жағдайына да баға берді. 2025 жылғы 1 қазандағы дерекке сәйкес, елдегі автокөліктердің шамамен жартысы 20 жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді. Бұл – нарық үшін  сын-қатер.

Сонымен қатар, елде жасы 0-7 жыл аралығындағы шамамен 1,5 миллионға жуық автокөлік бар. Дегенмен, көліктердің 42%-ы 20 жылдан астам уақыт бойы қолданылып жүр. Мамандардың айтуынша, дәл осы сегментті жаңарту қажет.

Автокөлік өндірісін ұлғайту жоспарлануда

Қазақстанда отандық автокөлік өндірісінің өсімі байқалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елде автокөлік шығару көлемі 18%-ға артқан. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда төрт автозауыт жұмыс істейді. Онда қытайлық және кореялық маркалардың көліктері құрастырылады. Алайда олардың тек екеуінде ғана жергілікті өндірушілерді тартып, бөлшектерді Қазақстан аумағында шығару жұмыстары қолға алынған.

Қазақстанда электромобильдер қымбаттауы мүмкін

Соңғы бір жылда Қазақстандағы электромобильдер саны бір жарым еседен астам өсті. Қазір ел жолдарында 22 мыңға жуық электрокар жүр.

Алайда биылдан бастап ЕАЭО аясында электромобильдерді баж салығынсыз әкелуге арналған квота Қазақстан үшін қолданылмайды. Бұған дейін бұл жеңілдік белгіленген лимит шегінде көліктерді кедендік бажсыз импорттауға мүмкіндік беретін. Квота 2025 жылдың қазан айында толық игеріліп, 2026 жылға ұзартылмаған.

Автокөлік нөмірін полицей алып кетсе не істеу керек?

Сарапшылардың пікірінше, бұл нарыққа кері әсер етуі мүмкін. Электромобильдер бағасы айтарлықтай өседі. Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард Эдоковтың 24.kz-ке берген ақпаратына сәйкес, енді квотасыз әкелінетін көліктерге 16% қосылған құн салығы салынады. Соның салдарынан баға кемінде 16-20%-ға қымбаттауы ықтимал. Айта кету керек, өткен жылдың өзінде электромобильдер құны 25-30%-ға өсе бастаған.

 Автокөлік өндірісінде өсім бар
Соңғы жаңалықтар