Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжановтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз жиынында туризм саласының даму көрсеткіштері мен инвестициялық мүмкіндіктерін арттыру бағытындағы негізгі бастамалар таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Нұрбол Байжановтың айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласына салынған инвестиция көлемі 1 трлн 256 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 32 пайызға артқан. Өсім жолаушылар тасымалы, қонақ үй және мейрамхана қызметтері, сондай-ақ мәдениет пен ойын-сауық бағыттарында тіркелген. Қазіргі таңда министрлік 328 инвестициялық жобадан тұратын тізімді жасақтады. Олардың қатарында ірі қонақ үй және курортты кешендер, жол бойындағы сервис нысандары мен ойын-сауық инфрақұрылымы бар.
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Сондай-ақ саланы қолдау мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылып жатыр. 2025 жылы салаға 2,7 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Оның ішінде туристік нысандарды салу мен жаңғырту шығындарының бір бөлігін өтеу, туристік автобустар мен тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтарды сатып алуға субсидия қарастырылған.
Отандық туризмге салынған инвестициялар көлемі 1,2 трлн теңгеден асты
Сонымен қатар туризмді дамыту тұжырымдамасын жаңарту жұмыстары қолға алынған. Іс-қимыл жоспары елдің негізгі курортты өңірлерінде жалпы құны 600 млрд теңгеден асатын 136 инвестициялық жобаны іске асыруға бағытталған 152 іс-шараны қамтиды.
Туризм түйткілдері: Сөзден іске көшетін кез келді