• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 16:40

Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілді

60 рет
көрсетілді

Былтыр Атырау облыстық балалалар стоматологиясында 92500 балаға тегін қызмет көрсетілді. Оның ішінде хирургиялық, терапевтік, ортодонтиялық, тіс-техникалық және рентгенологиялық диагностика қызметі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық балалар стоматологиялық емханасының директоры Нұргүл Намазғалиеваның мәліметіне қарағанда, мұнда 17 дәрігер мен 30 мейірбике жұмыс істейді. Оның ішінде жоғары, бірінші және екінші санатты мамандар бар.

«Біздің емханаға бір жылда 11 925 пациент жүгінді. Мәселен, 2 691 бала хирургиялық кабинетте, 8 877 бала терапия бөлімінде, ал 357 пациент ортодонтиялық кабинетте тиісті медициналық көмек алды. Бұл көрсеткіштер балаларға стоматологиялық көмектің сұранысы жоғары екенін көрсетеді», дейді Нұргүл Намазғалиева.

Елде стоматологиялық клиникалар жаппай тексеріліп жатыр

Оның дерегіне сүйенсек, жыл сайын балалар үшін стоматологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы артып келеді. Мәселен, 2022 жылы 87 370, 2023 жылы 70 980, бұрнағы жылы 83 613 бала стоматологиялық көмек алған.

Стоматологиядағы қайғылы жағдайдың нәтижесі белгілі болды: Министрлік «Севораннан» бас тарта ма?

Соңғы жаңалықтар