Шымкентте республикалық «Көктем-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп, көктемгі су тасқынының алдын алу, салдарын жою, сондай-ақ құтқару мен шұғыл әрекет ету жұмыстары пысықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?
«Практикалық бөлім шеңберінде қала аумағында су басу қаупі жоғары учаскелерде 9 оқу-жаттығу нүктесі белгіленген. Атап айтқанда, осы күнде Абай ауданында – 2, Әл-Фараби ауданында – 1, Еңбекші ауданында – 3, Тұран ауданында – 1, Қаратау ауданында – 2 нүктеде оқу-жаттығулар өтіп жатыр. Сонымен қатар бір нысанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол платформалары арқылы инженерлік және өзге де техникаларды тиеу-түсіру жұмыстары қолға алынады» деді ол.
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Бұдан бөлек, шұғыл ден қою жасақтарын жинау, зардап шеккен тұрғындарды эвакуациялау және қабылдау пункттерін өрістету, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарын Түркістан облысына жедел жіберу тәжірибесі сынақтан өткізіледі. Бұл ретте жеке құрамның Түркістан облысы аумағында автономды жағдайда әрекет етуге толық дайын болуы маңызды дейді маман.
Айта кетейік, «Көктем-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы 25-27 ақпан күндері республика көлемінде өтетін болады.