• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:11

«Ресейге қайтуды жоспарлап отырмын»: Әзілкеш Нұрлан Сабуров Пхукетте концерт берді

10 рет
көрсетілді

Стендап кеші Таиландтағы Пхукет аралында, Royal Phuket City Hotel қонақүйінің конференц-залында өтті. Әзілкеш сахнаға шыға салысымен өзін-өзі әжуалап, көрермендердің «қылмыскерді көруге келгенін» айтып қалжыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетейік, бұл әзілкештің Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынғаннан кейінгі алғашқы концерті. 

«Мен Ресейге қайтуды жоспарлап отырмын», деді Нұрлан Сабуров.

Әзілкеш өзінің басындағы жағдайды ирониямен жеткізіп, енді «суперпатриоттық концерттер қоятын шығармын» деп әзілдеді.

Айта кетейік, бұған дейін әзілкешке Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғанын хабарлаған едік. Ол бұл шешім туралы Мәскеуге ұшып барған кезде білген, кейін бірден Алматыға ұшып кеткен. Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.

Ресейден қуылған Нұрлан Сабуров алғаш рет мәлімдеме жасады

 
Соңғы жаңалықтар