• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:05

Махамбет рухын дәріптеген Марк

0 рет
көрсетілді

Рудный музыкалық колледжінің студенті Марк Ли Махамбет күйлерін нақышына келтіріп орындайды. Жас күйші ұлттық аспапты нағашы атасынан үйренген. Бала кезінен сол кісінің қасында жүріп, домбыра үнін бойына сіңіріп өскен дарынды жас бүгінде 60-тан аса күй біледі.

Марк Ли қазір аталған колледжде сабақ беретін ұс­тазы, өңірге белгілі күйші Мұрат Хамитовтен дәріс алады. Білім ордасында 15 жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаз шәкірттерінің біразы бүгінде Құрманғазы атын­дағы консерваторияда оқиды. Кейбір шәкірттері сол консерватория­да қалып, жұмыс істеп жатыр.

«Марктің күйге деген ықыласының ерекше екені бірден байқалды. Қазір орын­даушылық техникасы әбден қалыптасты. Енді әр туындының ішкі мән-мағынасына үңіліп, түсініп орындауға тырысып жүр. Күрделі күйлердің терең иірім­дерін жетер жеріне жет­кізіп тірілте ойнағанда мар­қайып қаласың», дейді М.Хамитов.

Қазір Марктің күй қоржы­нында Махамбеттің «Жорық», «Қайран Нарын», «Жауға шапқан», «Жұмыр қылыш» күйлері бар.

«Батыр бабамыздың күй­лері өте рухты. Адамның бойына қайрат, жігер бе­реді. Сондықтан жаныма өте жақын. Күйді үйренбес бұрын, оның шығу тарихына бойлап, әбден түсініп оқып, біліп алу керек. Кез келген күй жайдан-жай шыға салмайды. Күйдің шығуына белгілі бір тарихи оқиғалар, автордың басынан өткен жағдайлар түрткі болады. Сондықтан алдымен шығарманың мән-мағынасын түсініп барып орындау керек», дейді жас өнерпаз.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар