«Қазгидромет» РМк 26-28 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік облыстарда ауа температурасы түнде 10-17 градус аязға дейін төмендейді, Түркістан облысында 2-10 градус аяз болады. Күндіз 2-12 градус аяз болады деп болжанған.
«Кең ауқымды аязды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын мол болуы мүмкін, негізінен жаңбыр түрінде. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ құбылыстары байқалады», делінген хабарламада.
Тұман, көктайғақ, жел: 25 ақпанда ауа райы қандай болады?