• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:50

Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?

0 рет
көрсетілді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтардың қаржылық ақпаратқа қол жеткізу арнасы ретінде азаматтардың мобильді құрылғыларын жиі пайдалана бастағанын ескертті, деп жазады Egemen.kz.

Зиянды қосымшалар, жалған сілтемелер мен хабарламалар арқылы қаскүнемдер онлайн-банкингке, CVV-кодтарына, логиндерге, құпиясөздерге және басқа да конфиденциалды деректерге қол жеткізуге тырысады. Агенттіктің мәліметінше, бұл дербес ақпарат пен қолма-қол ақшаның жоғалуына әкелуі мүмкін.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мынадай кеңестерді ұсынды:

Вирусқа қарсы бағдарлама орнатыңыз және оны үнемі жаңартып отырыңыз; Қосымшаларды тек ресми көздерден жүктеп алыңыз (Google Play, App Store); Қосымшалар сұраған рұқсаттарды тексеріп, байланыстарға, SMS-ке, микрофонға және экранға кіруді шектеңіз; Хаттармен, мессенджерлермен және push-хабарламалармен келетін күдікті сілтемелерге өтпеңіз; Қызметтер үшін күрделі және әр түрлі құпиясөздерді орнатып, құпиясөз менеджерлерін қолданыңыз; Телефоныңызда банк карталарының фотосуреттерін, құпия сөздерді және электрондық қолтаңбаны сақтамаңыз; Құрылғыны жоғалтып алған кезде экранды бұғаттауды, биометриялық қорғауды және деректерді қашықтан жою мүмкіндігін қосыңыз; Қоңырау соғушы өзін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкерімін деп таныстырса да, телефон немесе мессенджерлер арқылы кодтарды, құпиясөздерді және басқа да құпия ақпаратты хабарламаңыз.

1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды

Қосымша кеңес:

Операциялық жүйені және орнатылған қосымшаларды үнемі жаңартып отырыңыз, себебі жаңартуларда маңызды қауіпсіздік патчтары бар; Банк хабарламалары арқылы қаржылық операцияларыңызды қадағалап отырыңыз, транзакцияларға шектеу қойыңыз, сондай-ақ банктік қосымшаға кірген кезде биометрияны қолданыңыз; Бүкіл отбасының кибергигиенасын жүргізу: балалар мен қарт туыстарға алаяқтықты шынайы хабарландырулардан қалай ажыратуға болатынын және әлеуметтік инженерияға қалай қарсы тұру керек екенін түсіндіріңіз.

Интернет-алаяқтыққа қарсы нақты нәтиже: Жетісуда 600 мың теңге қайтарылды

Егер сіз құрылғыны жоғалтсаңыз немесе рұқсатсыз пайдаланылғанына күмәндансаңыз:

Банк карталарын дереу бұғаттаңыз, барлық құпиясөздерді өзгертіңіз және онлайн-банктегі сессияларды ажыратып тастаңыз; Құқық қорғау органдарына хабарласыңыз; Қажет болса, SIM-картаны ұялы байланыс операторында бұғаттаңыз.

Қостанай облысында интернет-алаяқтықтың жолы кесілді

Соңғы жаңалықтар