Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бүгін Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Министрлік мәліметінше, ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Қазір олар медицина мамандарының бақылауына алынған.
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
«Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігінде арнайы комиссия құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірді», делінген ведомство хабарламасында.
Жапонияда туристер мінген тікұшақ жоғалып кетті
Сондай-ақ тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданатыны айтылды.