• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 07:50

Рес­публикалық комиссия­ның кезекті отырысы

0 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төраға­лығымен Шетелде кадр­ даярлау жөніндегі рес­публикалық комиссия­ның кезекті отырысы өтті.

Басқосу барысында халық­аралық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурс­тары­ның тізбесі қаралды. Енді аталған зияткерлік додалардың жеңімпаздары «бакалавриат» бағыты бойынша «Болашақ» стипендиясына үміткер бола алады.

Талқылау қорытындысында тізбеге математика, физика, химия, биология мен басқа да жалпы білім беретін пәндерден өтетін белді халықаралық олимпиадаларды қосу ұсынылды.

Кейінгі 3 жылда еліміздің 76 оқу­­шысы жалпы білім беретін пән­­­дер­­ге арналған халық­аралық олим­­пи­а­­далардың жүлдегері атанған.

Сондай-ақ отырыс барысында бағдарламаға жаңадан қосылған «атом саласы қызметкерлері» санаты бойынша конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойы­латын талаптар мен өлшем­шарт­­тар талқыланды. Біліктілігі жо­ғары кадр даярлау отандық атом өнеркәсібін сапалы дамыту­дағы маңызды қадамның бірі болады.

Жиын соңында Ғылым және жоғары білім министрлігіне және Халықаралық бағдарламалар орталығына «Болашақ» бағдар­ламасы аясындағы конкурстық іріктеудің тетіктерін одан әрі жетілдіру жөнінде нақты хатта­малық тапсырмалар берілді.

 

Соңғы жаңалықтар