• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 15:05

Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады

20 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың cенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы уақиға екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш етіп, ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түскен өрендерімізге ризашылығын жеткізді.

Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады

Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.

Квебек қаласында өткен халықаралық Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament додасында әлемнің 16 елінен келген 120 азулы ұжымның арасынан AA Elite дивизионында Astana Team командасы алтын тұғырдан көрініп, ел мерейін үстем етті. Айта кетерлігі, құрама сапында елордалық «Астана», «Юность» және «Тайгерс» клубтарымен қатар, Шығыстың «Торпедо» мектебінің тәрбиеленушілері де өнер көрсетіп, ортақ жеңіске үлес қосты.
Соңғы жаңалықтар