• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 15:35

Адам құқығы – басты назарда

10 рет
көрсетілді

Референдумда мүмкіндігі шектеулі азаматтар еркін әрі кедергісіз дауыс бере алады. Мәселен, көру және есту қабілеті бұзылған жандар Брайль қарпіндегі трафареттер, аудиобюллетеньдер мен сурдоаудармалы ақпараттық материалдарды қолданады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Мүгедектегі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысында айтылды.

Маңыздысы – сайлау учаскелері бірінші қабатта орналасады. Сондай-ақ олар пандустар, кіреберістегі шақыру батырмалары, автокөліктерге арналған арнайы тұрақ орындары, тактильді жолақтар мен арнайы бейімделген кабиналармен жабдықталады. Яғни учаскелерде мүгедектігі бар адамдарға арналған бұрыштар үлкейткіштер, құлаққаптар, өткізіліп жатқан науқан туралы ақпараттық материалдар, тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтардың қолжетімділігін ескере отырып жабдықталған дауыс беру кабиналарымен қамтамасыз етіледі.

Оған қоса көру қабілеті бұзылған азаматтарға арналған аудиоақпарат, естуінде ерекшелігі бар отандастарымызға сурдоаудармасы бар бейнематериалдар, кресло-арбамен жүретіндер үшін бейімделіп орналастырылған ақпараттық материалдар қолжетімді форматта сүйемелденеді. Референдум комиссиялары референдум туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын QR-коды бар шақыру қағаздарын әзірлеуде, сондай-ақ үйлерді аралау барысында азаматтардың арнайы қызметтерге мұқтаждығы нақтыланатынын айтты.

«Бюллетеньге Брайль қарпімен трафареттер әзірленеді және олар елдегі барлық сайлау учаскелерінде ұсынылатын болады, бұл формат толықтай көрмейтін азаматтар мен нашар көретін дауыс берушілердің қажеттілігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ әр дауыс беру учаскесінде міндетті түрде аудиобюллетень қолжетімді болады», деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай.

Жиында барлық деңгейдегі референдум комиссияларының мүшелері үшін мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша бейнекурс ұйымдастырылғаны атап өтілді.

«Конституция мәтінін дыбыстау жобасы – құқықтық ақпараттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған тиімді қадам. Аудионұсқаның еліміздегі 10 мыңнан аса сайлау учаскесінде орналастырылатыны қуантады. Бұл бастама, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға, егде жастағы азаматтарға, көру қабілеті төмен немесе Брайль қарпін оқи алмайтын адамдарға үлкен қолдау болмақ. Осылайша әр азаматтың саналы түрде таңдау жасауына жағдай жасайды», деді Президент жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл, Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан.

Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды

Жұмыс тобының отырысында Ақтөбе және Павлодар облыстарының учаскелерде электрондық үлкейткіштер, есту қабілеті төмен азаматтарға арналған индукциялық ілмектер, жарықтық және дыбыстық ақпараттандырғыштар, сондай-ақ Брайль қарпімен көрсетілген учаске сызбалары түрінде инновациялық құралдармен жабдықтау тәжірибесі туралы есептері тыңдалды. Қазіргі уақытта мұндай тәжірибелерді басқа өңірлерде енгізу тиісті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, пысықталып жатыр.

Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

Соңғы жаңалықтар