• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2015

Қазақстан премьер-лигасы. «Астана» сырт алаңда жеңіске жетті

377 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 тамыз. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының екінші айналымы басталды. 23-тур шеңберіндегі алғашқы ойында «Ақтөбе» мен «Астана» кездесті. Ақтөбеде болған матчта елордалықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Бірінші тайм тең жағдайда өрбіді. Қарсыластар негізінен қарымта шабуылға иек артты. Ал екінші тайм өткір шабуылдармен есте қалды. Алайда, ойын барысында жанкүйерлер тек бір ғана голдың куәсі болды. 81-минутта «Астана» ойыншысы Рохер Каньяс мергендігімен көзге түсіп, командасына жеңіс сыйлады. Осы жеңістен кейін Станимир Стойловтың шәкірттері турнир кестесінде 25 ұпаймен жеке дара көш бастады. 23-турдың қалған ойындары 14, 15 және 16 тамыз күндері ойналады. 14 тамыз «Ордабасы» (Шымкент) – «Қайрат» (Алматы) 15 тамыз «Ертіс» (Павлодар) – «Атырау» (Атырау) «Шахтер» (Қарағанды) – «Оқжетпес» (Көкшетау) «Қайсар» (Қызылорда) – «Тараз» (Тараз) 16 тамыз «Тобыл» (Қостанай) – «Жетісу» (Талдықорған). Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: vk.com.