Бейнекамерадан бұрын сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылған азаматтың автокөлігімен танысының үйіне келіп, көлік ішінде ішімдік ішкені белгілі болған. Кейін ол мас күйдегі танысына көлікті басқаруға берген.
Құқық бұзушылық тіркелген сәтте оқиға орнына патрульдік полиция нарядтары жіберіліп, автокөлік тоқтатылды. Жүргізуші наркологиялық орталыққа жеткізіліп, сараптама қорытындысына сәйкес оның орта дәрежедегі мас күйде болғаны анықталды.
Патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды
Қазіргі уақытта көлік жүргізу құқығы жоқ бола тұра рөлге отырған азаматқа қатысты Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оның мас күйдегі танысына да әкімшілік хаттама толтырылды. Екі құқық бұзушы да қамауға алынып, темір тұлпар айып тұрағына қойылды.
Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған 15 азамат қайтадан жол ережесін бұзды
Сонымен қатар қала орталығындағы адамдар көп шоғырланатын орталық көшелердің бірінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі тіркелді. «Mercedes» автокөлігінің жүргізушісі жолдың ортасындағы тұтас қос сызықты кесіп өтіп, қарсы бағытқа бұрылыс жасап, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
Министрлік: Үш күнде 40 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді
Оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама ресімделіп, материалдар сотқа жолданды.