Елімізде тәркіленген 2016 жылғы Lamborghini Huracán аукционда бастапқы құнынан шамамен бес есе арзан бағаға сатылды, деп жазады Egemen.kz.
Люкс санатындағы спорткар мемлекет кірісіне онлайн-казино ұйымдастырған сотталушыдан тәркіленген. Электронды сауда алаңында өткен аукционда көліктің бастапқы бағасы 343 миллион теңгеден асқан. Алайда алғашқы кезеңде сатып алушы табылмағанына байланысты баға едәуір төмендеген.
Заңсыз казино ұйымдастырушылардан 420 млн теңгенің мүлкі тәркіленді
Осылайша, сауда төмендету тәсілімен жалғасып, көлік құны кезең-кезеңімен азайтылып отырған. Ең төменгі межеге жақындағанда ғана жаңа иесі анықталған.
Шымкентте 4000-нан астам жалған «MacCoffee» тәркіленді
Ал көлікті сатудан түскен қаражат толық көлемде мемлекеттік бюджетке аударылады.
Еске салайық, тергеу барысында онлайн-казино бірнеше елде жұмыс істеп, миллиардтаған теңге айналым жасағаны анықталды.