Дзюдодан әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Әбиба Әбужақынова Ата заңның жаңа жобасын қабылдауға арналған республикалық референдумға қатысты пікірін білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Спортшы дзюдодағы әрбір жеңіс татамиге шыққан сәттен басталмайтынын, ол ең алдымен темірдей тәртіптен, табандылықтан және ережені жетік білуден басталатынын айтты.
Бейбіт Сарыбай: Референдум – елдің келешегін айқындайтын маңызды саяси акт
«Спортшы үшін әр әдіс, әр қимыл – сансыз сағаттық жаттығудың, маңдай тердің және өз-өзіңді үнемі шыңдаудың нәтижесі. Шешуші сәтте жауапкершілікті толықтай өз мойныңа алып, бір ғана сәтте дұрыс шешім қабылдай білу – нағыз жеңістің кілті.
Татамиге шыққанда сен тек өзің үшін емес, артыңдағы елдің, миллиондаған жанкүйердің үміті үшін күресесің. Сол сенім мен қолдау соңына дейін беріспеуге, бар күш-жігеріңді салуға жігер береді. Үлкен спортта табыс – өзіңе адал болудан, таңдаған жолыңа берік болудан, қиындыққа мойымаудан басталады», деді спортшы.
Ерболат Төлеген: Конституциядағы өзгерістер мемлекетіміздің даму бағытын айқындайды
Әбибаның айтуынша өмірдің өзі де үлкен спорт секілді. Ол да тәртіпті, жауапкершілікті, саналы шешім қабылдауды талап етеді.
«Әсіресе ел тағдырына қатысты маңызды сәттерде әр азаматтың ұстанымы мен таңдауы айрықша мәнге ие. Алдағы жаңа Конституция бойынша өтетін референдум – баршамыз үшін сондай жауапты кезең. Негізгі заңға енгізілетін өзгерістер әділ қоғам құруға, әр азаматқа тең мүмкіндік беруге, жастардың құқықтарын қорғауға бағытталған. 15 наурызда мен еліміздің болашағы үшін маңызды таңдау жасап, реформаларды қолдап, референдумға қатысамын. Себебі ел тағдыры – әрқайсымыздың қолымызда», деді ол.
Танымал актер Еркебұлан Дайыров референдумды қолдады