• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:06

Өскеменде заңсыз ауланған 4 тоннадан астам балық тәркіленді

10 рет
көрсетілді

Қала прокуратурасы браконьерлікпен күрес және заңсыз жолмен ауланған су биологиялық ресурстарын жеткізу арналарының жолын кесу бойынша іс-шараларды күшейтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

18 ақпанда Өскемен қаласы прокуратурасы мен қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің бірлескен жедел-іздестіру іс-шарасында қалаға кіреберісте жүк автокөлігі тоқтатылды.

Көлік құралын тексеру кезінде заңсыз жолмен ауланған ірі көлемдегі балық партиясы анықталды.

Тәркіленген балық ресурстарының салмағы 4 тонна 181 килограмды құрады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі тұлғалар ұсталды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Шығыс Қазақстанда екі ведомствоның лауазымды тұлғалары жемқорлықпен ұсталды

Осындай құқық бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу жұмыстары прокуратура органдарының ерекше бақылауында екені есте болсын.

Көкшетауда заңсыз балық аулаған 400 адам айыппұл арқалады

Соңғы жаңалықтар