Yonhap агенттігінің мәліметінше, Юн Сок Ель «бүлікке басшылық жасады» деп айыпталған. Үкімде көрсетілгендей, экс-президенттің әрекеті заң шығарушы органның жұмысына кедергі келтіруді көздегендіктен, ол көтеріліс ретінде бағаланды.
«Әскери жағдай енгізу әрекеті мемлекеттік бүлікке тең. Өйткені бұрынғы президент Парламент ғимаратына әскер аттандыру арқылы Ұлттық ассамблеяның жұмысына нұқсан келтіруді көздеген», делінген хабарламада.
Айта кетейік, сот отырысы тікелей эфирде көрсетілді және Юн Сок Ельдің қатысуымен өтті. Бұған дейін арнайы прокурорлар тобы экс-президентке өлім жазасын сұраған болатын.
Оңтүстік Корея президенті тұтқындалды
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында Юн Сок Ель елде әскери жағдай жариялап, бірақ бірнеше сағаттан соң Парламент бұл шешімнің күшін жойған еді. Осы оқиғадан кейін ол өкілеттігінен айырылды. Биылғы жылдың 16 қаңтарда Юн Сок Ель тұтқындауға қарсылық көрсеткені үшін 5 жылға сотталған болатын.