• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жемқорлық Бүгін, 13:53

Ақтөбеде прокурор ұсталды: Шенеунік 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

20 рет
көрсетілді

17 ақпанда Ақтөбе облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері прокуратура қызметкерін ұстады. Ұстау фактісін өңірлік прокуратура растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, ұсталған прокурор 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдік бар. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Қазір іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер жария етілмейді.

Алматыда судья пара алды деген күдікке ілінді

Сондай-ақ Жамбыл облысында жоғары лауазымды бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты сот процесі басталады. Атап айтқанда, экс-полицейлер Жайдарбек Күттібаев пен Еркен Абаевқа сыбайлас жемқорлық баптары бойынша айып тағылып отыр.

Ғылыми орталық басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Еске салайық, бүгін ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүріп жатқанын растады.

Соңғы жаңалықтар