• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 12:08

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады

30 рет
көрсетілді

18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады.

Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Қазақстан Дональд Трамп бастамашы болған жаңа халықаралық құрылым – Бейбітшілік кеңесінің негізін қалаушы мемлекеттердің бірі ретінде ресми мәртебе алған еді. Құжаттарға ресми қол қою 22 қаңтар күні Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында өтті.

Бейбітшілік кеңесі БҰҰ-ға балама құрылымға айналуы мүмкін бе?

Айта кетейік Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін жарна төлеген жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар