• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:51

Енді Шу мен Отар арасында электрпойызы қатынайды

10 рет
көрсетілді

19 ақпаннан бастап ұлттық тасымалдаушы Шу – Отар қала маңы бағытына жаңа электрпойыз шығарады. Бұл қадам жолаушылар ағынын арттырып, қызмет көрсету сапасы мен сапар жайлылығын жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін аталған бағытта бір ғана жолаушылар вагоны қатынап келген. Енді оның орнына төрт вагоннан тұратын заманауи электрпойыз жүреді. Құрамның жалпы сыйымдылығы 300-ден аса жолаушыға есептелген.

Пойыз кестесі

Электрпойыз күн сайын қатынайды:

Шу станциясынан шығу – 15:30, Отарға келу – 19:00;

Отар станциясынан шығу – 06:40, Шу қаласына келу – 10:03.

Пойызда жолаушы өзін жайсыз сезінсе не істеу керек?

Жол ақысы

Жолаушыларға үш қызмет көрсету санаты ұсынылады:

1-санат – 2 257 теңге

2-санат – 2 097 теңге

3-санат – 1 751 теңге

25% және 33% жеңілдік: Зейнеткерлер мен жастар үшін пойыз билеті арзандайды

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан комиссиясыз немесе теміржол кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 байланыс орталығы арқылы алуға болады. Ал пойыз қозғалысының өзекті кестесі tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-таблода қолжетімді.

Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды 

 
Соңғы жаңалықтар