• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 16:58

Атырауда төрт мыңнан астам адам көлік салығын төлемеген

40 рет
көрсетілді

Атырау облысында 4246 адам көлік салығы үшін 321 млн теңге берешегін төлемей жүр. Оның ішінде негізгі қарыз – 226 млн теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Бисен Юсубалиевтің дерегіне сүйенсек, көлік салығын төлемегендерге 95 млн теңге үстеме қосылған.

«Салықты уақытында төлеу – әр адамның міндеті. Қазір көлік салығы бойынша 4 246 жеке тұлғаның 321 млн теңге берешегі бар. Оның 226 млн теңгесі – негізгі қарыз, кешіктіргені үшін қосылған ақша 95 млн теңгені құрайды. Ал 10 415 адамның мүлік салығына 50 млн теңге берешегі қалыптасып отыр», дейді Бисен Юсубалиев.

Оның пікірінше, иелігінде көлік, не өзге мүлкі бар тұрғындарға салық уақытында төленбесе, алдымен хабарлама жіберіледі. Егер берешек өтелмесе, салық бұйрығы шығарылып, іс жеке сот орындаушыларына жолданады. Кейін мәжбүрлі түрде өндіріп алу шаралары қолданылады.

Үкіметте қаржы секторына салық салу мәселелері қаралды

«Енді жеңіл көліктің зауыттан шығарылғанына 10 жылдан асса, салық 30 пайызға төмендейді. Ал 20 жылдан асқан көліктер үшін салық екі есе азаяды. Шаруа қожалықтарының иелері бір пикап көлігі үшін салық төлемейді. Қымбат мүлкі бар азаматтарға қатысты жаңа салық тәртібі енгізілді. Егер бір адамның иелігіндегі үйінің, ғимарат пен басқа да мүлкінің жалпы құны 450 млн теңгеден асса, осы сомадан асқан бөлігіне 2 пайыз қосымша салық салынады. Мүлік неғұрлым қымбат болған сайын төленетін салық та соғұрлым көбейе түседі», деп мәлім етті Б. Юсубалиев.

Жаңа Салық кодексі халыққа не береді?

Соңғы жаңалықтар