Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы республикалық «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын бастаған облыс полицейлері жыл басынан бері 102 арнасына 219 хабарлама түскенін айтады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 104 қоңырауға көп болып тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицияның мәліметінше, өткен жылы 73 жастағы анасына қол көтеріп, басын жарған 40 жастағы азамат заң алдында жауап берді. Жәбірленуші өз перзентіне кешірім бергенімен, сот заң талаптарына сәйкес қатыгездік танытқан ұлын 6 жылға бас бостандығынан айырды. Бұдан бөлек, былтыр ащы суға сылқия тойған тұрғын өз әкесінің өмірін қиған.
Елімізде әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы науқан басталды
Ресми мәліметке сүйенсек, өткен жылы өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық саласы бойынша 128 қылмыстық іс тіркелсе, биылғы жылдың басынан бері тағы 10 дерек анықталды. Қазіргі уақытта «Тұрмыс» іс-шарасы аясында полицейлер ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша жаппай тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.Жаркенттегі қатыгездік: Баласын аяусыз ұрған әйел 7 жылға сотталуы мүмкін