Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленгеннен кейін Халықаралық коньки тебу одағының (ISU) рейтингінде үздік үштікке енді, деп жазады Egemen.kz.
Рейтингте 5 410 ұпаймен америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин көш бастап тұр. Екінші орынға 5 096 ұпаймен апондық мәнерлеп сырғанаушы Юма Кагияма жайғасқан. Ал үшінші орынға табан тірген отандасымыз Михаил Шайдоровтың еншісінде 4 961 ұпай бар.
Миландағы қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров шартты түрде бесінші орында болды. Еркін сырғанау бағдарламасында қажетті төрт секірудің орнына бес рет төрт секіріп, барлығы 291,58 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Юма Кагияма күміс, ал оның отандасы Шун Сато қола медаль жеңіп алды.
Отандасымызды тарихи жеңісімен Мемлекет басшысы құттықтады.
Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады?
Өз кезегінде Олимпиада чемионы қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты.