• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:35

Блогердің жазбасынан кейін Рудный ауруханасына жоспардан тыс тексеру басталды

10 рет
көрсетілді

Блогер Татьяна Турлай жариялаған деректерге байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Рудный қалалық көпбейінді ауруханасы» КМК қызметіне қатысты жоспардан тыс тексеру басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Комитет мәліметінше, тексеру аясында медициналық ұйымның қызметіне аудит жүргізіліп, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі жан-жақты зерделенеді. Ведомство өкілдері аталған жағдай комитет басшылығының жеке бақылауында екенін атап өтті.

Қайтарылған қаржы аурухана құрылысына жұмсалды

Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта Рудный қалалық көпбейінді ауруханасы бөлімшелері халыққа медициналық көмек көрсету үшін қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген.

Жаңаөзенде ауруханалардың бірінде дәрігерді пышақтап кетті

Тексеру нәтижесі бойынша халыққа сапалы әрі уақтылы медициналық көмек көрсету мақсатында Комитет тиісті шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.

Көкшетауда жаңа көпбейінді аурухана салынып жатыр

Соңғы жаңалықтар