• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:32

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

10 рет
көрсетілді

2026 жылғы 17 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс ашылды, ал кей учаскелерде ауа райының қолайсыздығына байланысты шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Қозғалысқа рұқсат берілген жолдар (барлық көлік түрлері үшін):   Батыс Қазақстан облысы

«Орал – Тасқала – РФ шекарасы» автожолы, 4-104 км (Орал қаласы – Ресей шекарасы).

Қарағанды облысы

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 248-750 км (Атамекен ауылы – Жамбыл облысының шекарасы).

Жамбыл облысы

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 750-893 км (Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы).

Уақытша шектеу қойылған жолдар: Ақтөбе облысы

«Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолы, 104-337 км (Қандыағаш қаласы – Атырау облысының шекарасы).

«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 776-965 км (Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ кенті).

Ақтөбе облысында жолды күтіп-ұстамаған 66 шенеунік жауапкершілікке тартылды

Атырау облысы

«Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы бекеті)» автожолы, 337-346 км (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз кенті).

Ақмола облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 16-200 км (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы).

Павлодар облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 200-254 км (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті кенті).

Осы бағыттағы «Қалқаман» жолайрығында (Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығаберіс) жол өткелінің тірек арқалықтары зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.

Шығыс Қазақстан облысы

Осинов асуында (46-66 км, Северный ауылына бұрылыс – Серебрянск қаласына бұрылыс аралығы) 2024-2025 жылғы қысқы кезеңде тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк көліктеріне қозғалысқа шектеу қойылған.

Бүгін, 17 ақпанда еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланып, қар аралас жаңбыр, көктайғақ және екпінді жел күтіледі. Жүргізушілерге алыс сапарға шықпауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес беріледі.

Соңғы жаңалықтар