Астанада 10-13 ақпан аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында өткен «FIRST Robotics – Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026» халықаралық фестивалінде жас инженерлер еліміздің намысын қорғап, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеті мемлекеттен жиналған үш мыңнан астам өреннің ішінен алматылық «Alem Innovators» командасы дара шығып, турнирдің бас жүлдесі – «Champions Award Winner» атағын иеленді. Команда құрамында Наурызбай ауданындағы оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығының қатысушылары Айша Кенжебай, Нұрберген Жәнібек, Досан Дәулет және Омар Ерланұлы бар. Жетекшісі – Айдана Ермек. Бұл жеңіс алматылық жас өнертапқыштарға АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST әлемдік финалында Қазақстан атынан қатысуға жол ашты.
«NURORDA» оқушылары халықаралық олимпиадада топ жарды
STEM-білім беруді дамыту және дарынды оқушыларды қолдау Алматы қаласының білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі. Бүгінде қаладағы инновациялық орталықтар балаларды робототехникаға, бағдарламалауға және заманауи технологияларға ерте жастан тартуға мүмкіндік беріп, бәсекеге қабілетті жас инженерлер буынын қалыптастыруға ықпал етіп келеді.
13 жастағы оқушы информатикадан республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды
Алматы