• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2015

Қытайда соңғы 20 жылдағы ең ауқымды девальвация болды

267 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 тамыз. Қытайда соңғы 20 жыл ішіндегі ең ауқымды девальвация болды. Бұл туралы tribuna.ru хабарлады. Қытайдың Халық банкі юаньді 1,9 пайызға құнсыздандырды. Олардың мәлімдеуінше, девальвация бір-ақ рет өткізіледі және қайталанбайды. Бұл шара юань айналымын нарықтық еркіндікке бағыттауға көмектеседі деп күтілуде. Бұған дейін Қытайдың Халық банкі юаньнің ары кетсе 2 пайызға ғана ауытқуына жол беретін анықтамалық бағамын енгізген болатын. Соңғы реті Қытайда девальвация 1994 жылы жүргізіліпті. Айдар Өрісбаев. Дерек: tribuna.ru. Сурет: reuters.com.