• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 11:40

Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған 15 азамат қайтадан жол ережесін бұзды

10 рет
көрсетілді

Қызылорда қалалық полиция басқармасы қызметкерлері жыл басынан бері көлік құралын басқару құқығынан айырылған 15 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

15 ақпан күні сағат 18:32 шамасында Абай даңғылы бойында жол қозғалысы ережесін бұзған «Lada 2114» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру 18 жастағы жүргізушінің бұған дейін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Жүргізуші куәлігінен айырылғандар мопед жүргізе ала ма?

Алайда ол заң талаптарын елемей, қайтадан рульге отырған. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігінде көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын қайта басқаруы – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатыны көрсетілген.

Шымкентте жүргізуші куәлігін алуға келген адам көлікті аударып алды

Заңды белден басқан жүргізушіге әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік айып тұрағына қойылды.

ІІМ жүргізуші куәлігін мерзімінен бұрын ауыстыру туралы ақпаратты жоққа шығарды

Соңғы жаңалықтар