Жасыл желекке оранған Төр Алтайдың табиғатын қызғыштай қору, қорғау әркімнің жауапкершілігінде. Десе де, тілсіз жаудан қорғану үшін Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне су жаңа өрт сөндіру техникаларын табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде 2023 жылдан бастап өртке қарсы жабдықтарды жаңғырту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарламаның мақсаты – орман және табиғатты қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын толық жаңарту және өрт қауіпсіздігін күшейту.
Аталған бағдарлама аясында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесіне жаңа 9 бірлік орман өртін сөндіру техникасы табысталды.
Катонқарағайдағы әуежай құрылысы қашан аяқталады?
Әрбір техника қозғалыс кезінде өрт сөндіруге мүмкіндік беретін қуатты өрт сорғысымен, сыйымдылығы 3 м³ суға арналған цистернамен, сондай-ақ өрт-техникалық жабдықтардың толық жиынтығымен, жеке қорғаныс және радиобайланыс құралдарымен жабдықталған.
Катонқарағай ауданында жаңадан асфальт-бетон зауыты бой көтерді
Шығыс Қазақстан облысы