• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 11:20

Референдумға арналған ресми сайт іске қосылды

20 рет
көрсетілді

Елімізде алдағы референдумға және жаңа Конституция жобасына арналған referendum2026.kz ресми сайты жұмысын бастады. Бұл интернет-ресурс «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдау» жалпыұлттық коалициясының бастамасымен әзірленіп, азаматтарға ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнын жан-жақты әрі түсінікті түрде таныстыруды мақсат етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған сайтта Негізгі заң жобасының толық мәтіні жарияланған. Сонымен қатар өзекті талдамалық материалдар, сарапшылар пікірі, коалицияның өңірлердегі жұмысына қатысты жаңалықтар тұрақты түрде жаңартылып отырады. Платформа құрылымы қолданушыларға қажетті ақпаратты оңай табуға, референдумға қатысты сауалдарына нақты жауап алуға мүмкіндік береді.

Референдум–2026. Онлайн-марафон

Ақпараттың қолжетімділігіне айрықша мән берілген. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған бейімделген нұсқа қарастырылған, сондай-ақ бет параметрлерін жеке қалауына сай өзгерту мүмкіндігі бар. Бұл – ресурстың баршаға тең дәрежеде қолайлы болуын қамтамасыз етуге бағытталған қадам.

Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

Түсіндіру материалдарымен қатар, сайтта Конституцияның мәні мен қоғам өміріндегі рөлін тереңірек ұғынуға көмектесетін тақырыптық мақалалар, бейнематериалдар мен интерактивті форматтар ұсынылған. Мұның бәрі азаматтардың реформалардың мазмұнын толық түсініп, саналы таңдау жасауына жағдай туғызады.

Референдум әлемдік БАҚ назарында

Аталған ресурс – «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының жүйелі жұмысының жалғасы. Құрамына жетекші саяси партия өкілдері мен жүздеген қоғамдық ұйым енген бірлестік бүгінде елдің барлық өңірінде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Кездесулер мен ашық диалог алаңдары арқылы Жаңа Конституция жобасының негізгі қағидалары түсіндіріліп, қоғамның осы үдеріске кеңінен қатысуына жол ашып жатыр.

Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті

Соңғы жаңалықтар