Шахматшы Бибісара Асаубаева фристайл-шахматтан өткен көрнекі ойында классикалық шахматтың әлем чемпионы Александра Костенюкті ұтты. Төрт партиядан тұрған кездесу Бибісараның пайдасына 2,5:1,5 есебімен аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Германияда өткен фристайл-шахматтан әлем біріншілігі бұл жолы тек ерлер арасында ұйымдастырылды. Ал әйелдер бәсекесі Бибісара Асаубаева мен Александра Костенюк арасындағы арнайы көрнекі матчымен ғана шектелді. Соның өзінде бұл кездесудің салмағы жеңіл болған жоқ. Ұйымдастырушылар 2027 жылы әйелдер арасында толық форматтағы әлем чемпионатын өткізуді көздеп отыр. Ал Қазақстанның шахматшысы сол турнирге қатысу мүмкіндігін қазірдің өзінде иеленіп отыр.
Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді
Ойын нәтижесіне қатысты Бибісара Асаубаева:
«Жеңіс әрдайым қуантады. Ал егер ол алдағы әлем чемпионатына жол ашса, оның мәні тіптен бөлек», деп пікір білдірді.
Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады
Айта кетейік, фристайл-шахматта фигуралар әр партия сайын өзгеше ретпен орналастырылады. Бұл ойыншыларды дайын қалыптан шығарып, олардың ойлау еркіндігін, позициялық сезімталдығы мен тактикалық шеберлігін толық ашуға мәжбүрлейді. Германиядағы жарыс та осы қырымен көрермен назарын аударды.
Шахмат тастарының атауы қайдан шықты?