• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды

30 рет
көрсетілді

Кеше VIETJET QAZAQSTAN әуе компаниясы Астана әуежайы аумағындағы ангар кешенінде брендтелген әуе кемелерінің бірін және іске қосылатын жаңа сервистерін таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

VIETJET QAZAQSTAN басқарма төрағасы Әділбек Умралиев әуекомпанияның жаңа SkyBoss сервисін таныстырды. Бұл қызмет әуе кемесінің алдыңғы қатарындағы жайлы орындарды, борттағы тамақтануды және әуежайлардағы лаунж-аймақтарға кіру мүмкіндігін қамтиды. Бұл сервис жолаушыларға биылғы жылдың екінші тоқсанынан бастап қолжетімді болады. Сонымен қатар сервис икемді бронь жасау және кеңейтілген багаж опцияларын ұсынады.

Сондай-ақ іс-шарада экипаж мүшелері әуекомпанияның жаңа киім үлгісін көрсетті. 

«Авиация түрлі елдер мен олардың мәдениеттері арасындағы көпір іспеттес. VIETJET QAZAQSTAN брендімен ұшатын әуе кемесі Қазақстан мен Вьетнам арасындағы берік достық байланысының символы», деді «QAZAQ AIR» АҚ (VIETJET QAZAQSTAN) басқарма төрағасы Ә. Умралиев.

Жиын соңында VIETJET QAZAQSTAN SkyPayDa мегасатылымы басталғанын жариялады. Бұл − барлық бағыттар бойынша 30 мың билетке 50% жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігін ұсынады (субсидияланатын рейстерден басқа). Акция 12 ақпанның кешінен 15 ақпанның түніне дейін жарамды және бұл 2026 жылы 24 қазанға дейінгі рейстерге қолданылады. 

Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті

Еске салайық, 2025 жылғы 6 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламның қатысуымен «QAZAQ AIR» әуекомпаниясын жекешелендіру жұмысы аяқталды. Сол күні Астанада өткен Қазақстан – Вьетнам бизнес-форумында «QAZAQ AIR» мен Vietjet Air арасындағы стратегиялық әріптестік байланыс орнатылып, VIETJET QAZAQSTAN бренді іске қосылған еді.

Вьетнамдық компания Қазақстанда электр таксиді іске қосқысы келеді

Соңғы жаңалықтар