Кеше Алматы қаласының Бостандық ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл шешім «Көкшоқы» шағын ауданы, «Алма» тұрғын үй кешені және оған іргелес үйлерде ауызсудың болмауына байланысты қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қаласы әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай режимі заңнамада белгіленген тәртіппен, тұрғындардың көптеп жүгінуі мен халықты ауызсумен қамтамасыз етудің әлеуметтік маңызын ескере отырып енгізілген.
Әкімдік түсіндіргендей, техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау мүмкіндігі «Азаматтық қорғау туралы» заң нормаларында қарастырылған. Аталған заңның 4 және 48-баптарына сәйкес, халықтың денсаулығына қауіп төнгенде, қалыпты тіршілік жағдайы бұзылғанда немесе тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен желілерінде, соның ішінде су жүйелерінде апат болған жағдайда осындай режим енгізіледі.
Американы ақтүтек боран басты: 139 мың адам жарықсыз қалып, төтенше жағдай жарияланды
Қабылданған шешім аясында инженерлік желілерді жаңғырту және қайта жаңарту, су басу қаупі бар аумақтарда алдын алу шараларын жүргізу, сондай-ақ жолдардың жекелеген учаскелерінде, оның ішінде тау бөктеріндегі аймақта тәуекелдерді азайту жұмыстары жоспарланып отыр.
Қонаев қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды
Жауапты құрылымдар жағдайды тұрақтандыру және тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бағытында тиісті шараларды қолға алған.
Төтенше жағдайлар кезінде волонтерлік көмек жүйесі нығайтылады