Алматы қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары ғылым көрмесін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрмеге Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова және ведомство өкілдері қатысты. Ғалымдар цифрлы технологиялар, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, нанотехнология, металлургия, тағам өнеркәсібі және өзге де стратегиялық маңызды салалардағы заманауи әзірлемелерге қатысты 40-тан аса инновациялық жобаны таныстырды.
Ғалымдар өз жобаларына қалай ірі қаржы тарта алады?
Қазіргі кезде Satbayev университетінің ғалымдары өндірістік қалдықтар мен жылу электр станциясынан шыққан күлдерді пайдалана отырып, құрылыс материалдарын әзірлеп жатыр. Президент тапсырмасына сәйкес арнайы технопарк құрылып, отандық жоғары оқу орындарын біріктірген консорциум құрамына Satbayev университеті және еліміздегі жоғары оқу орындары кірген. Соның негізінде бірлескен зерттеулер жасалып, нәтижесінде цемент және 19 түрлі құрғақ құрылыс қоспалары дайындалып жатыр, оның ішіне кафельді желімдер, сылақтың түрлері бар.
Ғылыми жобаның бөлім жетекшісі Руслан Ерғалиұлының айтуынша, шығарылған өнімдер патенттеліп, нарыққа шығарылған. Жоба аясында өндірістік қалдықтар негізінде құрылыс материалдарын алу мақсатында Шымкент, Алматы, Өскемен қалаларында өндіріс орындары ашылды. Инновациялық жоба аясында әр өндіріс орнында 20-ға жуық қызметкер, жалпы саны 100-ден астам адам еңбек етеді.
Ғалымдар көлік жүргізіп келе жатып музыка тыңдау қауіпті екенін ескертті
Көрмеде сондай-ақ жерді қашықтықтан зондтау технологиясы арқылы әзірленген жаңа геологиялық карта таныстырылды. Сәтбаев университеті баспасөз қызметінің дерегінше, бұл жобаға геологтар, физиктер, ІТ-мамандар және жерді қашықтан зондтау орталығының сарапшылары жұмылдырылған. Барлығы 30-ға жуық зерттеуші қатысқан ауқымды жұмыс нәтижесінде пайдалы қазбаларды барлау мен табиғи ресурстарды тиімді басқаруға мүмкіндік беретін заманауи карта жасалған. Ал Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары суды тазартудың инновациялық әдісін ұсынды. Зерттеушілер күріш қауызын өңдеу арқылы белсендірілген көмір алған. Осы материалдың көмегімен лас суды тиімді сүзгіден өткізіп, ауыл шаруашылығында қолдануға жарамды таза су алуға қол жеткізген. Бұл жоба су ресурстарын үнемдеуге және аграрлық сектордың тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.
Ғалымдар пестицидтерді жедел анықтайды