• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:55

Кедендік баж төлеудің мерзімі мен тәртібі қандай?

10 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік баждар мен салықтарды төлеу мерзімі мен тәртібіне қатысты түсіндірме жариялады. Аталған талаптар тауарлардың түріне, қолданылатын кедендік рәсімге және оларды декларациялау ерекшеліктеріне қарай айқындалады, деп жазады Egemen.kz.

Кедендік баждар мен салықтарды төлеу мерзімдері қолданыстағы кеден заңнамасының нормаларына сәйкес белгіленеді. Әрбір жағдай бойынша төлем уақыты тауардың сипатына және кедендік рәсімге байланысты нақтыланады.

Заңнамада төлем мерзімін өзгерту мүмкіндігі де қарастырылған. Атап айтқанда, әкелінетін кедендік баждарды төлеу кейінге қалдырылуы немесе бөліп төлеу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. Кейінге қалдыру кезінде сома біржолғы тәртіппен төленсе, бөліп төлеу бекітілген кесте бойынша кезең-кезеңімен жүргізіледі. Мұндай жеңілдік төлеушінің өтініші негізінде кеден органының шешімімен және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шартымен беріледі.

Бірқатар тауар кедендік баж салығынан уақытша босатылды

Төлем мерзімін ұзарту 6 айға дейінгі уақытты қамтиды. Егер пайыз есептелетін болса, мерзім 6 айға дейін белгіленеді. Ал заңда көрсетілген негіздер болған жағдайда – төтенше жағдайлар, бюджеттік қаржыландыру, халықаралық шарттар немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу секілді жайттарда – 6 айға дейін пайызсыз мерзім беру мүмкіндігі қарастырылған.

Кедендік баждар мен салықтар уақытылы төленбеген жағдайда, заңнамада көзделген ерекшеліктерден тыс өсімпұл есептеледі. Ал төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу кезінде есептелетін пайыз мөлшері Ұлттық Банк белгілейтін базалық мөлшерлеме негізінде айқындалып, белгіленген тәртіппен төленеді.

«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады

Кедендік төлемдер Қазақстанның ұлттық валютасында жүргізіледі. Төлемді төлеушінің өзі немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға жүзеге асыра алады. Қаражат екінші деңгейлі банктер мен өзге де уәкілетті ұйымдар арқылы аударылып, бюджетке бюджеттік сыныптаманың тиісті кодтары бойынша есепке алынады.

Төлем күні ретінде төлем тәсіліне қарай қаражаттың банктік шоттан есептен шығарылған күні немесе қолма-қол ақша енгізілген күн есептеледі.

Кеден саласында лауазымын асыра пайдаланған Қазақстан азаматы Испаниядан экстрадицияланды

Соңғы жаңалықтар