Өткен жылы Сәтбаев қаласында қоқыс шығару бойынша біраз мәселе туындаған. Биыл 1 қаңтардан бастап қоқыс жинаумен айналысқан «Сәт-Тазалық» компаниясымен келісімшарт тоқтатылды. Жаңа мердігер – «Ұлытау эко сервис» анықталды. Компания бірден жұмысқа кірісіп, күшейтілген режимде қызмет көрсетуге кірісті, деп жазады Egemen.kz.
Қала тазалығы тек қоқыс шығаруымен шектелмейді. Көшелер мен жолдарды тазалау жұмыстары да үздіксіз жүріп жатыр. Демалыс күндеріне қарамастан, коммуналдық қызметтер тынымсыз еңбек етеді. Бұл бағытта 8 арнайы техника мен 20 маман жұмылдырылған.
Барлық жұмыс тұрақты бақылауда тұр.
Қала аумағындағы қар тазалау жұмыстарын қалалық әкімшілік қадағалап отыр.
Қазіргі уақытта қар тазалау жұмыстарына 38 жұмысшы мен 11 арнайы техника жұмылдырылған. Жолдарды тазалау және көктайғақтың алдын алу мақсатында инертті материалдар себу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.
Ұлытау облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
Сонымен қатар, кейбір жол учаскелерінде қардың уақытылы және толық тазаланбауынан төмпешіктердің пайда болғаны анықталған. Бұл жүргізушілер үшін айтарлықтай қолайсыздық туғызады. Қазіргі ауа райының құбылмалы болуын ескере отырып, аталған кемшіліктерді жедел түрде жою тапсырылды.
«Көктайғақтың алдын алу үшін қорда 50 тонна құм және 10 тонна техникалық тұз бар. Мердігер ұйымдарға тазалау сапасын күшейту, проблемалық учаскелерге басымдық беру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді», дейді Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев.
Ұлытау облысында үстел теннисінен республикалық чемпионат басталды