• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Жеңіл атлеттер Қытайда жеті жүлде олжалады

20 рет
көрсетілді

Жеңіл атлетикадан Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен жабық кешендегі Азия чемпионатында жерлестеріміз жеті жүлдемен қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Алғашқы жүлдені команда қоржынына Нора Джеруто салды. 1 500 метрге жүгірген ол қола медальді иеленді. Көп кешікпей бесайысшы Алина Чистякова Аспанасты елінде Қазақстанның әнұранын шырқатты. Отандасымыз 4181 ұпай еншілесе, қытайлық Сюй Цзяхуань (4091 ұпай) мен У Чжэн (4013 ұпай) күміс пен қоланы өзара бөлісті. Келесі күні Джеруто өз жанкүйерлерін тағы да қуантты. Бұл жолы ол 3 000 метрлік қашықтықта алдына жан салмады. Жеңімпаздың көрсеткіші – 8.46,87. Екінші және үшінші орындарды жапониялық Тонака Назоми (8.48,55) мен қытайлық Лю Кся (9.16,18) иеленді.

Биіктікке секірген Надежда Дубовицкая 1,87 метрлік межені бағындырды. Бұл оның күміс медаль алуы үшін жеткілікті болды. Дубовицкая өзбекстандық Валерия Горбатовадан қалып қойды. Үш қарғып секурі сайысында Мария Ефремова қолаға қол созды. 4х400 эстафетасында құрамында Кристина Кондрашова, Марина Шувалова, Анна Шумило және Аделина Земс сынды желаяқтары бар біздің қыздар командасы шашаларына шаң жұқтырмады. Ал ерлер үшінші орынды еншіледі.

Дзюдошылар Парижде үш қолаға қол жеткізді

Соңғы жаңалықтар