• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2015

Қытай басшылығы Тяньцзиндегі жарылысқа орай үндеу жариялады

331 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 13 тамыз. Қытай басшылығы Тяньцзиндегі жарылыстан зардап шеккендерді құтқаруға мейлінше күш салып, апат зардабын әлсіретуге байланысты үндеу тастады. Бұл туралы синьхуа хабарлады. КХР Төрағасы Си Цзиньпин жоғалған адамдарды іздестіру мен от-жалынды басуды қатар жүргізуге тапсырма берді. Сәрсенбінің түнінде республиканың Солтүстігіндегі айлақты қала Тяньцзиньде болған жарылыстан – соңғы мәлімет бойынша – 17 адам қаза тауып, 400-ден астам адам жарақат алды. Оның 32-нің халі ауыр күйде. Мемлекеттік Кеңестің Премьері Ли Кэцян билікке іздестіру мен құтқару жұмысын жеделдетіп әрі өте тыңғылықты жүргізуге тапсырма берді. Сондай-ақ, Премьер апатқа қатысты тергеу шараларының мұқият жүргізілетінін, ол туралы халыққа жария етелетіні туралы да айтты. Құтқару жұмыстары әлі де жүргізілуде. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: синьхуа.