• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 15:02

Инфляциямен күрес: Үкіметтің негізгі қадамдары қандай?

20 рет
көрсетілді

Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі кеңестің қорытындысында айқындалған міндеттердің барлығы халық пен бизнеске нақты пайда әкелуді көздейтінін және олардың іс жүзінде орындалуы қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жиын қорытындысында Үкімет экономикалық және инвестициялық саясат бойынша кешенді міндеттер жүктеді.

Экономикалық блок

Үкімет инфляцияны төмендету және бақылауды күшейту, бизнес шығындарын азайту, тауар нарықтарындағы бәсекелестікті арттыру және цифрлық теңгені кеңінен енгізу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорлары, форвардтық келісімшарттар және сауда субъектілерімен келісімдер тетіктерін белсенді пайдалану тапсырылды.

Президент тапсырмасы: Министрліктердің алдағы міндеттері нақтыланды

Салық саласында халық пен бизнес үшін түсінікті әрі болжамды жүйе қалыптастыру, тиімді салықтық әкімшілендіру мен ерте ескерту механизмдерін енгізу қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар:

бизнеске арналған бірыңғай цифрлық экожүйе құру;

тауарларды цифрлық таңбалауды өндіріс процесіне кедергі келтірмей кеңейту;

ШОБ субъектілерін жоспардан тыс тексеру тетігін қайта қарау;

активтерді басқаруды оңтайландыру;

Алатау қаласын сапалы дамыту міндеттері қойылды.

Қаржы және салық саласы

Қаржы министрлігіне 1 мамырға дейін бюджеттік бағдарламаларға кешенді аудит жүргізу тапсырылды.

Тамыз айының соңына дейін Ұлттық банкпен бірлесіп цифрлық теңгені түрлі салаларда енгізу шаралары қабылданады.

Жыл соңына дейін маркетплейстерге, интернет-агрегаторларға және екінші деңгейлі банктерге салық агенті мәртебесін беру бойынша заңнамалық өзгерістер әзірленеді.

Инвестициялық саясат

2030 жылға дейін негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша нысаналы индикаторлар әзірленеді. Басым жобалар пулы қалыптастырылып, бюджеттен тыс қаражат тарту бойынша KPI бекітіледі.

Сыртқы істер министрлігі Kazakh Invest-пен бірлесіп ірі инвесторлармен жұмысты күшейтеді. Сонымен қатар инвестициялық жобалардың іске асырылуын цифрлық платформа арқылы мониторингтеу күшейтіледі.

Олжас Бектенов: Үкімет «шынайы мұқтаж адамдарға ғана көмек» қағидатын қатаң ұстанады

Бір ай ішінде 2030 жылға дейінгі нақты қаржыландыру көздері бойынша көрсеткіштер нақтыланады және жеке инвестиция үлесін арттыру шаралары әзірленеді.

Цифрландыру және жасанды интеллект

Деректерді басқару инфрақұрылымын дамыту, KazLLM-ді кеңінен енгізу, Aitu мессенджерінің функционалын жетілдіру, Tasqyn және Talsim жүйелерін біріктіру тапсырылды.

1 қазанға дейін Цифрландыруды қаржыландыру қоры толық іске қосылады.

Бір ай ішінде бизнеске цифрлық шешімдерді енгізуді ынталандыру шаралары ұсынылады.

10 күн ішінде ақпараттық жүйелерді «QazTech» платформасына көшіру жоспары бекітіледі.

Нақты секторды дамыту

Энергетика, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-газ химиясы, көлік және АӨК салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды уақытында аяқтауға басымдық берілді.

Энергетика

Бірыңғай энергожүйенің онлайн-мониторингі енгізіледі.

2027 жылға дейін Батыс өңірді Бірыңғай энергетикалық жүйеге қосу және Оңтүстік аймақты күшейту жоспарланған.

20 ақпанда Көмір генерациясы жөніндегі ұлттық жоспар ұсынылады.

Өнеркәсіп

Полимерлік өнімдерді терең өңдеуді қолдау тетіктері әзірленеді.

Арнайы экономикалық аймақтарды трансформациялау бойынша ұсыныстар енгізіледі.

Шикізатты терең өңдеу мен экспортты арттыру үшін жаңа ынталандырулар ұсынылады.

 Көлік және логистика

Ірі теміржол жобалары кезең-кезеңімен іске қосылады.

Жүк вагондарын беру процесі толық цифрландырылуы тиіс.

Smart Cargo платформасы жыл соңына дейін өндірістік пайдалануға енгізіледі.

Автожол жобалары жеделдетіліп, шекарадағы 33 өткізу пункті жаңғыртылады.

Үкімет Президент тапсырмаларын жүзеге асыруға кірісті

Ауыл шаруашылығы

Ішкі нарықты отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету шаралары күшейтіледі.

15 сәуірге дейін ветеринарияны дамыту жоспары ұсынылады.

1 маусымға дейін ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы заң жобасы әзірленеді.

1 қыркүйекке дейін субсидиялау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе толық іске қосылады.

Үкіметтің тапсырмалары инфляцияны бақылаудан бастап цифрландыру мен инвестиция тартуға, энергетика мен логистиканы жаңғыртуға дейінгі барлық негізгі бағыттарды қамтиды. Негізгі мақсат – экономиканың тұрақтылығын арттыру, жеке инвестиция үлесін көбейту және нақты секторды жүйелі дамыту.

Соңғы жаңалықтар