• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 11 Ақпан, 2026

Қарлы боран, көктайғақ, қатты жел: 11 ақпанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 11 ақпанға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайды. Жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша боран, көктайғақ, тұман, желдің күшеюі болжанады.

Батыс өңірлерде, оңтүстікте, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында, сондай-ақ түнде Түркістан облысының таулы асуларында желдің жылдамдығы секундына 30 метр және одан да жоғары болуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанның барлық аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар