АЛМАТЫ. 13 тамыз. Талдықорған қаласының тұрғыны спорт мерекесінде 2 пұткір тасын 800 мәрте көтеріп, әлемдік рекордтар кітабына енді. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.
Спорт мерекесі қай кезде де қызықты өтеді. Барлық ұлттық ойын түрлерімен қатар – арқан тарту, кір тасын көтеру, білік темірге тартылу қашанда жарыс сәні.
Талдықорған қаласында ұйымдастырылған спорт мерекесі тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталды. Шарада қала әкімі Ермек Алпысов: «Халықты жаппай спортқа тарту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сол себепті де, біз мұндай спорт шарасына әрқашан ерекше мән береміз. Жеке дара өткізілген турнирлер мен спорт жарыстары соның кепілі», – деді.
Спорттық сайыста қала тұрғыны Елубай Машаев спорт мерекесінің осы күнгі «жұлдызы» атанды.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: bnews.kz.