Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен жарыстар басталды. Бүгінгі жарыс күнінде ел шорт-трекшілері 500 метр қашықтықта бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.
Бұл қашықтықта Қазақстан құрамасының атынан Яна Хан мен Ольга Тихонова жарыс жолына шықты.
Ольга Тихонова іріктеу кезеңінің алғашқы жарысында төртінші болып мәреге жетті. Нәтижесінде ол ширек финалға өте алмады. Айта кетейік, бұл кезеңге әр жарыстан екі үздік спортшы, сондай-ақ үшінші орын алғандардың ішінен ең жақсы уақыт көрсеткішін тіркеген төрт шорт-трекші жолдама алды.
Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды
Ал Яна Хан жарыс барысында құлап, төртінші орынмен шектеліп, осы қашықтықтағы өнерін аяқтады.
Айта кетейік, бүгінгі жарыс күнінде шаңғышылар спринт сынында өнер көрсетіп, іріктеуден өте алмады.
Қазақстан телеарналары қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді