• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 10:32

Қауіпті Нипах вирусы және қызылша: Қазақстан шекарада бақылауды күшейтті

10 рет
көрсетілді

Оңтүстік-Шығыс Азияда Нипах вирусының өршуіне байланысты Қазақстанның шекара арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекарадағы сүзгі: Нипах вирусынан сақтану

Бұл инфекция бойынша қолайсыз жағдай тіркелген елдерден, соның ішінде Үндістаннан келетін жолаушыларға ерекше назар аударылады.

Министрліктің мәліметінше, халықаралық әуежайларда қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда әрекет етуге бағытталған ведомствоаралық оқу-жаттығулар өткізіліп жатыр.

«Медициналық ұйымдар жоғары дайындық режиміне көшірілді. Олар дәрі-дәрмек қоры, жеке қорғаныш құралдары және дезинфекциялау құралдарымен толық қамтамасыз етілген», делінген хабарламада.

Бангладеште нипах вирусын жұқтырған әйел көз жұмды

Қызылша ауруы да өршіп барады

Нипах вирусынан бөлек елде қызылша ауруының да өршіп тұрғаны байқалады. 2025 жылғы қарашадан бері өсім әлі де байқалып отыр. Қазір бұл дерт Шымкент қаласын қоспағанда, Қазақстанның 19 өңірінде тіркеліп отыр.

Науқастардың басым бөлігі – вакцина алмаған балалар. Олар барлық жағдайдың шамамен 80%-ын құрайды. Ауырған балалардың 58%-ы ата-анасының бас тартуына байланысты екпе алмаған.

Қызылшаның алдын алудың жалғыз тиімді жолы – вакцина алу. Ата-аналарға балалардың екпе мәртебесін Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес тексеріп, қажет болған жағдайда тіркелген емханаға жүгіну ұсынылады.

Еске салайық, 2026 жылдың басынан бері елде 1 951 қызылша жағдайы тіркелді. Аурудың ең көп саны:

Астана қаласында – 581 жағдай; Жамбыл облысында – 339; Алматы қаласында – 317; Алматы облысында – 146 жағдай.

Нипах вирусы анықталған жағдайда Алматы әуежайы қалай әрекет етеді?

ЖРВИ мен тұмау

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда 3,3 миллионнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелді. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл өткен маусымның осы кезеңімен салыстырғанда 10%-ға аз.

Осы уақыт ішінде зертханалық түрде 3 018 тұмау жағдайы расталды. Олардың басым бөлігі A (H3N2) тұмау вирусына тиесілі – 2 958 жағдай. Сонымен қатар:

A (H1N1) тұмауының – 53 жағдайы; B тұмауының – 7 жағдайы анықталды.

Тұмауға қарсы екпе 2,27 млн-нан астам адамға егілді, бұл ел халқының 11,13%-ын құрайды.

«Мектептер мен басқа да оқу орындары қалыпты режимде жұмысын жалғастырып отыр. Сыныптағы оқушылар арасындағы аурушаңдық деңгейі жалпы балалар санының 20%-ынан аспайды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар